Қарағанды облысында жарты жылда 9 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қарағанды облысында жергілікті атқарушы органдар 178 қызмет түрін көрсетеді. Тұрғындар олардың едәуір бөлігін электронды түрде ала алады.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету туралы айтылды.
– Жарты жылда 8,7 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде 99,6%. Жыл сайын электрондық мемлекеттік қызметтер үлесінің өсуі байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 0,4% құрады. Мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу үшін 104 бақылау шарасы өткізілді, – деді ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Константин Ильницкий.
"Open akimat" фронт-кеңселері барлық қалалар мен аудандарда ашық, деп атап өтті ол. Алты айда олар 17 мың қызмет көрсетті.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мыңнан астам өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған. Үнемі мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкелері өткізіліп тұрады, онда әртүрлі құрылымдардың мамандары өзекті мәселелер бойынша кеңес береді.
Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 10 семинар ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы тұрақты бақылауда, деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -