Қарағанды облысында "Жасыл ел" еңбек жасағында биыл бес мыңға жуық адам жұмыс істеді
Қарағанды облысында "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының ХХ еңбек маусымы аяқталды. Жыл сайын қозғалыс қарқын алуда. Осы маусымда бес мыңға жуық жауынгер жұмыс істеді, олардың үштен бірі әлеуметтік қорғалатын санаттардың өкілдері.
- Жаз бойы сіздер өз аймақтарыңызды тазалап, абаттандырдыңыздар. Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсенді қатыстыңыздар. Оның мақсаты - қалаларымыз бен ауылдарымызды таза және жасыл ету, - деді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұржан Ілияш еңбек маусымының жабылу салтанатында.
Үздік жауынгерлер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздары үшін жүлделер қарастырылған тимбилдинг ұйымдастырылды.
Еңбек маусымының жабылу құрметіне Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында концерт өтті. Танымал қазақстандық орындаушылар Sanzhar, Әлішер Қонысбаев және Bellucci өнер көрсетті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -