Қарағанды облысының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қамқоршылары туристік квестке қатысты
Екі күн ішінде "Медик" демалыс үйінің базасында Дүниежүзілік жазғы арнайы Олимпиада ойындарының аясында туристік турнир өтті. Ұйымдастырушы – Қарқаралы ұлттық паркі және демеушілердің қолдауымен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Турнирге бес команда қатысты. Олардың қатарында Қарағанды қаласының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Қарағанды № 2 АӘҚКО, Абай, Саран және Қарқаралы ауданының АӘҚКО бар.
Қатысушылар тербелмелі бөренеден өту, түйін байлау, батпақты жерлерден өту, отта ең дәмді тағам дайындау, сонымен қатар лагерь әндерін шырқау қабілеттерімен жарысты. Олардың көпшілігі Шайтанкөлге жасаған саяхатын есте сақтап қалары анық.
Барлық туристер кубоктармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Қарқаралы ауданының АӘҚКО командасы жеңімпаз деп танылды. Саран қаласынан келген топ күміс жүлдегер атанды. Қарағанды № 2 АӘҚКО командасы үшінші орын иеленді.
"Жеңіске деген ерік-жігері үшін" номинациясы бойынша Қарағанды қаласының балаларға арналған АӘҚКО өкілдері үздік атанды. Абай командасы "Батыл" санатында ерекшеленді.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -