Қарағанды облысының экономикасына жыл басынан бері 680 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды
Қарағанды облысының экономикасы тұрақты дамып келеді. Өнеркәсіптік өндіріс пен инвестиция көлемі өсуде. Екі жаңа кәсіпорын жұмыс істей бастады. Бұл полиэтилен құбырларын өндіретін және болат су жылытатын газ қазандықтарын шығаратын кәсіпорындар. Тағы сегіз жоба іске қосылады деп күтілуде. Қарметке жаңа инвестордың келуімен тоқтап тұрған кеніштер қалпына келтірілді. Жаңа инвестордың келуімен Qarmet компаниясында жұмыс істемеген шахталар қалпына келтірілді.
Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Аймақ басшысы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.
– Жыл басынан бері облыстың экономикасына 679,1 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл өткен жылдағы осы кезеңімен салыстырғанда 14,6 %-ға артық. Облыс картасында екі жаңа кәсіпорын пайда болды. Жыл соңына 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған тағы 8 жобаны іске қосамыз. Бұл 2600 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ірі жобалардың қатарында мыс және ферросилиций өндіретін зауыттар бар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Оның айтуынша, жыл басынан бері экономиканың өсуі 13,1 % құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 трлн теңгеден асты. Негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бұл 2,2 трлн теңге.
Облыс әкімі Qarmet компаниясының қызметіне жеке тоқталды.
– Өздеріңіз білетіндей, былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірдегі ең ірі Qarmet кәсіпорнында инвестор ауысып, алып кәсіпорында қайта жаңғыру басталды. Металлургиялық комбинатта шойын, болат және жалпақ прокат өндірісі артты .Жаңа инвесторға ауысқан кезде сегіз шахтаның үшеуі ғана жұмыс істеп тұрған еді. Қазір жеті шахта жұмыс істеп тұр. Ұңғыма кенжарларының саны 11-ден 45-ке дейін ұлғайтылды. Бұл болашаққа арналған негіз, ол шахталардың көп жылдар бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Кеншілердің қауіпсіздігі үшін іздеу және позициялау жүйесі енгізілді. Қазір бұл жүйе «Қазақстан» және «Күзембаев» атындағы екі шахтада жұмыс істейді. Келесі жылы барлық шахталар қамтылмақшы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -