Қарағанды облысының екі оқушысы IQanat республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша топ-100-ге кірді
Алматыда ауыл оқушыларына арналған IQanat республикалық олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Топ-100-ге Қарағанды облысынан екі оқушы кірді.
IQanat – бұл 150-ден астам қазақстандық кәсіпкерлер іске қосқан әлеуметтік-білім беру жобасы. Олар ауыл балалары өмірінің траекториясын өзгертіп, оларға мықты бастапқы мүмкіндіктер беруді көздейді.
Биыл олимпиадаға 60 мыңнан астам бала қатысты. Екі турдан өткеннен кейін олардың мыңы ғана финалға шықты. Алматыда оқушылар қорытынды тестілеуден өтіп қана қоймай, нағыз интеллектуалды және мотивациялық қолдау алды. Олар үшін табысты бизнесмендер мен қоғам қайраткерлерінен тренингтер ұйымдастырылып, танымдық экскурсиялар өткізілді.
– Алматыға Қарағанды облысының ауылдарынан 21 финалист бапды. Нәтижесінде Бұқар Жырау ауданынан Айжан Қанат пен Нұра ауданынан Альмина Жоламанова топ-100-ге енді. Олар барлық шығындары толық өтелетін, Бурабайдағы IQanat мектеп-интернатында оқуға мүмкіндік алды. Бірақ Қарқаралы ауданынан Бекарыс Аманжол мен Шет ауданынан Асылжан Қойқатов жартылай грант алған 100 оқушының қатарына енді. Бұл IQanat мектебінің базасында ҰБТ, халықаралық емтихандарды тапсыруға, ағылшын тілін оқытуға қарқынды дайындық. Қалған оқушылар Олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін сүйемелдеу мүмкіндігіне ие болды, – деді Қарағанды облысы бойынша жоба үйлестірушісі Айман Мақажанова.
IQanat бағдарламаларымен қамтылған балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне гранттарға түседі. Қазір жоба түлектері әлемнің 15 елінде оқиды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -