Қарағанды облысының әкімдігінде ферроқорытпа зауытындағы тергеу барысы туралы мәлімдеді
8 адам зардап шеккен Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін еңбек заңнамасы шеңберінде арнайы комиссия құрылды. Оны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді.
Оқиға орны тексерілді, жазатайым оқиғаның куәгерлеріне сауалнама жүргізілді, техникалық құжаттамамен танысу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыс облыс басшылығының үнемі бақылауында.
Оқиға фактісі бойынша ферроқорытпа зауытында ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -