Қарағанды облысының әкімдігінде мемлекеттік қызметтегі құқық пен міндет туралы кеңес өтті
Этика және жеке жауапкершілік - мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі. Қарағанды облысының әкімдігінде өткен семинар-кеңесте мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы айтылды. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Бақтияр Макеев, облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Бақтияр Айешов, облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қорлан Бекімова қатысты.
Қатысушыларға мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді. Әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері назардан тыс қалған жоқ.
Бақтияр Макеев еңбек тәртібін сақтау қажеттігін атап өтті. Семинарда мемлекеттік қызметшілердің икемді жұмыс кестесін ұсыну мүмкіндіктері туралы еске салынды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -