Қарағанды облысының командасы жағажайдағы самбодан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды
Қарағандылық спортшылар жағажайдағы самбодан Қазақстан чемпионатында бірінші жалпыкомандалық орынға ие болды. Палуандар қоржынында тоғыз медаль бар: екі алтын, бір күміс және алты қола.
Приозерск қаласында Қазақстан үшін жаңа спорт түрінен жарыс өтті. Құмда күресуге республиканың 14 облысынан 100-ге жуық спортшы келді.
Жарыс ерлер үшін төрт салмақ дәрежесінде, әйелдер үшін төрт салмақ дәрежесінде өтті. Командалық және жеке сынақтар есепке алынды.
Қарағанды облысынан 16 спортшы қатысты. Олардың тоғызы медальдар ұтып алды.
– Біздің еліміз үшін бұл жаңа спорт. Ол қызықтылығымен көрермендерді тартады, – дейді Қарағанды облысының спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының басшысы Ержан Халилин. – Жарысқа әлемнің төрт чемпионы қатысты. Көрермендер өте көп болды. Жекпе-жекті тамашалауға 800-ге жуық адам келді. Келесі жағажай самбо чемпионаты одан да көп спортшылар мен жанкүйерлерді жинайды деп үміттенеміз.
Чемпионатта екінші орынды Алматы облысының командасы иеленді, үшінші орынды Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бөлісті.
Жеңімпаз спортшылар биыл өтетін Азия чемпионаты мен әлем чемпионатына жолдама алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -