Қарағанды облысының құрылысшыларына мемлекеттік наградалар табысталды
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Мемлекет басшысының атынан құрылыс саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.
Ол құрылысшы мамандығының маңыздылығын атап өтті. Жыл сайын жаңа тұрғын үйлердің, әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандардың саны артып келеді.
– Құрылысшылар – жасампаздар. Егер құрылыс жүріп жатса, онда мемлекет дамып келеді деген сөз. Бұл экономиканың локомотиві. Сізден талап етілетін ең бастысы – сапа және мерзімінде орындалған жұмыс. Сіздердің жұмыстарыңыз әрдайым сұранысқа ие болсын, ал жұмыс нәтижелері адамдарға қуаныш әкелсін! Сіздерге зор денсаулық, амандық және жаңа кәсіби шығдарға жетуді тілеймін, – деді Ермағанбет Бөлекпаев құрылысшыларға.
Көп жылғы адал еңбегі және Қазақстанның құрылыс саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ІІІ дәрежелі "Құрмет",
"Еңбек Даңқы" ордендерімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен алты адам марапатталды.
"Агропромремстрой" ЖШС директоры Сатыбалды Жолдыбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Бұл ммамандыққа ол 44 жыл өмірін арнаған. 1998 жылы өзінің құрылыс компаниясын құрған. Бүгінде "Агропромремстройда" 120 адам еңбек етуде.
– Марапат – бұл менің ғана жетістігім емес, менің барлық ұжымымның еңбегі, – деп есептейді Сатыбалды Жолдыбаев. – Мен Көкшетау тау-кен байыту комбинатында аға шебер болып жұмыс істей бастадым, трест менеджеріне жеттім. Өз компаниямды құрған кезде біз әртүрлі тапсырыстарды қабылдадық. Біз негізінен әлеуметтік нысандарды саламыз. Біздің жұмысымыз - Сәтбаевтағы бес қабатты тұрғын үйлер, Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылындағы мектеп, Қарқаралы және Абай аудандарындағы спорт кешендері. Әріптестеріме денсаулық және бар жақсылықты тілегім келеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -