Қарағанды облысының спортшылары байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Есуден олимпиадалық резервтегі Теміртау спорт мектебінің тәрбиеленушілері, Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілдері 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында жеті алтын, екі күміс және екі қола жүлдеге ие болды.
18 жасқа дейінгі жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Дмитрий Холмогоров, Ульяна Иванова және Вероника Трапезникова. 23 жасқа дейін: Кирилл Табаев, Денис Кленин және Виктор Хамазин.
Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 11 алтын, 7 күміс және 12 қола медаль бар.
Байдарка мен каноэде есу жарысы Паттайяда (Тайланд) өтті. Сайысқа 17 елден 546 ескекші қатысты.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Фото @qaiyqfederation
@@temir_grable
@karsportregion
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -