Қарағанды облысының тұрғындары жаңа мамандықты тегін игере алады
Елу жастағы Талғат Тоғантаев дәнекерлеуші ретінде тегін курс оқуда. Jumys Tap жобасы бойынша жасына және мәртебесіне қарамастан кез келген адам оқи алады. 48 мамандық бойынша қысқа мерзімді курстар Қарағанды және Теміртау жеті колледжінің базасында өтеді.
Талғат Тоғантаев курстар туралы жаңалықтардан біліп, оқуға шешім қабылдаған.
– Мен дәнекерлеуші мамандығын үйренгім келді, бірақ мүмкіндік болмады, өйткені жұмыс істейтін адаммын. Ал курстар әдетте жұмыссыздар үшін немесе ақылы негізде. Бұл жерде маған жұмыстан шықпай-ақ үйренуге болатыны ұнады. Бағдарлама қысқартылған. Жұмыста мен газбен жылытумен айналысамын, көбінесе дәнекерлеушілермен мәселе туындайды: дұрыс маман табу қиын. Бұл олқылықты өзім жабуға ниет білдірдім, – деп бөлісті Талғат Тоғантаев.
– Жеті колледж базасында Jumys Tap жобасы бойынша 1000-ға жуық адам білім алуда. 18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық ниет білдірушілер (жұмысшылар да, жұмыссыздар да) оқи алады. Бірақ егер зейнеткерлер курсқа қатысқысы келсе, біз оларды да қабылдаймыз. Бір адам бірнеше мамандықты оқи алады, яғни кезең-кезеңімен әр түрлі курстардан өтеді. Мамандыққа байланысты оқыту 5-тен 30 күнге дейін созылады, аяқталғаннан кейін сертификат беріледі. Қажет болса, біз жұмысқа орналастырамыз. Жоба жыл бойы жалғасады. Оны келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз, – деді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұржан Сыздықов.
Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде сегіз мамандық бойынша 151 адам білім алады.
1 тамыздан бастап курстар болашақ флористер, дәнекерлеушілер,
сайт жасаушылар, СММ мамандары, таргетологтар мен мобилографтар үшін жұмыс істейді. 20 тамыздан бастап жаңа мамандықтар қосылады.
Айдана Байтанатова 30 жаста, іс жүргізуші, мектепте жұмыс істейді, бірақ бұрыннан әдемі гүл шоқтарын жинауды үйренгісі келген.
– Мен флорист мамандығы бойынша 15 күн оқимын. Маған бәрі ұнайды. Біз гүлдер туралы көптеген жаңа және қызықты ақпарат білдік. Мүмкін болашақта осы салада өз ісімді ашатын шығармын, – дейді Айдана Байтанатова.
Қарағанды технология және сервис колледжінде Jumys Tap жобасы бойынша 39 адам екі мамандық – шаштараз өнері және тігін өндірісі
және киімді модельдеу бойынша оқиды.
Тоғжан Имарденова – декреттік демалыстағы ана. Ересек балалары демалыста болған кезде, ол шаштараз курсын өтуге шешім қабылдады.
– Жоба туралы білген соң, шаштараз мамандығын үйренуге бел будым. Мен адамдарға шаш үлгісін жасағанды ұнатамын. Бірнеше күн ішінде біз теориядан өттік, қазір бізде тәжірибе бар. Бұл дұрыс мамандық, ол өмірде пайдалы болады, – дейді Тоғжан.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында тұрғындарға жұмысқа орналасуға көмектесу үшін Jumys Tap пилоттық әлеуметтік жобасы іске қосылды. Ол бойынша барлық ниет білдірушілер жаңа мамандықтарды тегін қысқа мерзімді курстарда оқи алады. Жобаға қатысу үшін ресми тіркелген жұмыссыз мәртебесінің болуы міндетті емес.
Кәсіби курстарға жазылу жалғасуда. Барлық қажетті ақпаратты консультациялық пункттерден алуға болады. Қарағандыда олар "Таир", "Ұмай" сауда үйлерінде, "Ёжик" супермаркетінде (бұрынғы "Кировец"), Теміртауда – орталық базарда орналасқан.
Консультациялық пункттердің жұмыс кестесі:сейсенбі/ СС 10:00-ден 19: 00-ге дейін түскі ассыз.
Сондай-ақ, байланыс орталығына хабарласуға болады: 60-50-50, Whats App: 8-775-644-35-80.
Call center жұмыс кестесі: дүйсенбі/ жұма 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -