Қарағанды облысы Осакаров ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА
19 қараша 2024 жыл
2024 жылы 09 желтоқсанда сағат 11.00-де, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, мекен-жайы бойынша орналасқан Осакаров ауданы әкімі аппаратының ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2024 жылдың 18 қарашадан бастап 2024 жылдың 06 желтоқсанға сағат 17.00-ге дейін, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Хайрулла Байғабылов көшесі 48 (1 қабат, 1 бөлме) мекен-жайында орналасқан, «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамын құрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтарына ақпарат мерзімінен кешіктірілмей жіберіледі.
Келесі жер учаскелері төменде көрсетілген кестеге сәйкес конкурсқа шығарылады:
№жер уч.
ЛОТ
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, бонитет балы)
Ауданы, га
ЛОТ
Жалдау мерзімі, жыл
Жер учаскесінің орналасқан жері, учаскенің кадастырлық нөмірі)
Су
қамтамасыз
ету
Ауданның шаруашылық мамандандыруы
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Талшынды, егістік 49,7936 га, балл бонитет – 17
49,7936
42
10
Сұңқар а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
2
Талшынды, жайылым 171,0 га, жайылым ТЖ 70,0 га, жол астында 1,0 га, су астында 0,5570 га.
балл бонитет – 12
172,5570
24
10
Садовый а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
3
Талшынды, жайылым 131,0 га, жар 3,1512 га балл бонитет –12
134,1512
37
10
Садовый а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
4
Талшынды, жайылым 48,0 га, жайылым ТЖ 1,0 га, жолдар 0,8 га, жылғалар 0,5035 га, балл бонитет – 25
49,3035
7
10
Садовый а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
5
Талшынды, жайылым 21,6, жайылым ТЖ 8,6 га, жолдар 0,0717 га балл бонитет – 18
21,6717
20
10
Садовый а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
6
Талшынды, жайылым 50,0 га, жайылым ТЖ 50,0 га, жолдар 0,1263 га балл бонитет – 21
50,1263
8
10
Садовый а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
7
Талшынды, жайылым 50,0 га, жылғалар 0,3614 га, балл бонитет – 13
50,3614
25
10
Садовый а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
8
Талшынды, жайылым 50,0 га, жылғалар 0,3614 га, балл бонитет – 14
149,5281
6
10
Садовый а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
9
Талшынды, жайылым 22,60 га, су астында 0,34 га. балл бонитет – 26
22,9400
14
10
Мирный а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
10
Талшынды, егістік 28,00 га, жайылым 18,40 га, су астында 0,2840. балл бонитет – 13
46,6840
35
10
Мирный а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
11
Талшынды, жайылым 53,90 га, жол астында 0,1000 га, су астында 0,2293 га. балл бонитет – 27
54,2293
28
10
Маржанкөл а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
12
Талшынды, егістік 16,00 га, жайылым 3,00 га, жол астында 0,2000 га, су астында 0,0530 га. балл бонитет – 20
19,2530
13
10
Родников а/о
Қамтамасыз етілмеген
мал шаруашылығы
Конкурстық ұсыныста болуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 19893 болып тіркелді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалғаалу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және "жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады. Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Х.Байғабылов көшесі 48 (1 қабат, 1 кабинет) мекен жайында орналасқан, «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8 (72149) 24034, электрондық мекенжайы: zemelnyi_osak@mali.ru
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -