Қарағанды облысы Шахтинск қаласында жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы бойынша электрондық сауда (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Құрметті сауда-саттыққа (аукционға) қатысушы әлеуетті қатысушылар! «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2024 жылғы 18 маусым сағат 10:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік Тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі мәтін бойынша - веб-портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 «Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын электрондық түрде сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі мәтін бойынша-қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады).
Аукционға қатысу үшін веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бірінші басшының бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).
Аукционға қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды.
Аукционға қатысуға өтінімдерді тіркеу веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап жүзеге асырылады және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Назар аударыңыз! Веб-порталдың өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады:
1) қатысушының Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шарттарды сақтамауы, сондай-ақ аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын ұйымдастырушының шотына аукцион өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі;
2) Егер қатысушы ҚР Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына сәйкес келмесе;
3) егер қатысушы ҚР Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрса.
Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға веб-портал беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Бағаны көтеруге арналған аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, аукцион объектісі үшін бастапқы бағадан төмен емес баға ұсынысын көрсетеді.
Аукцион сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта (Астана қаласының уақыты бойынша) аукцион залында сату нысанының бастапқы бағасын автоматты түрде орналастыру арқылы басталады.
Әрбір сатылған нысан бойынша аукцион нәтижелері аукцион өткізілетін күні сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып веб-порталда қол қоятын аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушы арасындағы жер учаскесін сатып алу-сату шартына немесе жер учаскесін жалға алу құқығына қол қою үшін талаптарды белгілейтін құжат болып табылады.
Жер учаскесін сатып алу-сату шарты немесе жер учаскесін жалға алу құқығы веб-порталда электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық (аукцион) нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы: «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ
БСН: 050540004455; КНП: 171; Кбе: 16.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.
Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна
Назар аударыңыз! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.
Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып, электрондық сауда-саттыққа (аукционға) келесі сату нысандары қойылады:
Лот №
Орналасқан жері
Нысаналы мақсаты
Ауданы, га
Құқық түрі
Бастапқы құны
Жыл сайынғы жер салығы/Жалдау ақысы
15% мөлшерінде кепілдік жарна, бірақ 50 АЕК-тен кем емес
1
Шахтинск қаласы, Сәтбаев көшесі, нан зауыты ауданында
Өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық-қойма аумағын салу
0,6000
Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)
1 495 872
88 587
224 380
2
Шахтинск қаласы, «Шахтер» гараж алабы 6-қатар, №52 гараж ауданында
Гараж құрылысы
0,0024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)
4 915
217
184 600
3
Шахтинск қаласы, «Энтузиаст» гараж алабы, №1027 гараж ауданында
Гараж құрылысы
0,0026
Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)
5 325
235
184 600
Ұйымдастырушы:«Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, ақпарат үшін телефон: 8 (72156) 5-07-38.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -