Қарағанды онкодиспансері ашық есік күнін өткізеді
Қарағандылықтарды 19 қазанда № 3 көпсалалы ауруханаға (онкодиспансер) Ашық есік күніне шақырады. Іс-шара сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы аясында өтуде.
Тәжірибелі дәрігерлер тегін кеңес береді.
— Бүгінде скрининг пен маммографиялық қондырғылардың қолжетімді болуына байланысты сүт безі обырын ерте кезеңде анықтау көрсеткіші артты. Қатерлі ісік неғұрлым ерте анықталса, емдеу соғұрлым сәтті болады. Аурудың бірінші кезеңінде сауығу ықтималдығы 95—98 % құрайды, — дейді Қарағанды қаласының № 3 көпсалалы ауруханасының жалпы онкология және хирургия бөлімінің меңгерушісі Андрей Панибратец.
Мамандар кезек тәртібімен қабылдайды. Өзіңізбен бірге талдау нәтижелері мен маммография суреттері болуы керек.
Қабылдау уақыты: 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Қарағанды қаласының № 3 көпсалалы ауруханасының мекенжайы: Қ. Аманжолов көшесі, 189 (емхана, оң жақтағы бес қабатты үй).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -