Қарағанды тұрғындары «Халық заңгері» акциясына оң баға берді
Қарағанды облысында «Халық заңгері» жалпы республикалық әлеуметтік акциясы өтті. 7 қала мен 6 аудандағы тұрғындар тегін заңгерлік кеңес алды.
Қарағанды тұрғындары үшін акция мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығында өтті. Қабылдауды прокурор, адвокат, нотариустар, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері жүргізді.
- Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету. Бізге әр түрлі жастағы және әлеуметтік жағдайы әртүрлі адамдар келді. Сұрақтар көп. Атап айтқанда, қарағандылықтар жылжымайтын мүлікке құқықтарын қалай тіркеуге, қорғаншылықты ресімдеуге, алимент өндіріп алу үшін қандай құжаттар қажет екенін сұрады. Адвокаттар қылмыстық және азаматтық құқық бойынша кеңес берді. Жыл сайын акцияға қатысушылар саны артып келеді, - деді Қарағанды облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Ғалым Әбдібаев.
Мамандар келгендердің барлығына толық түсініктеме берді.
- Мен жылжымайтын мүлікке құқықты даулау мәселесі бойынша келдім. Заңды бүге-шігесіне дейін білмегендіктен, мен біраз уақытымды босқа өткізіп алдым. Мұнда маған көп көмектесті. Кеңесшілер сауатты. Барлығын жақсы түсіндірді, қай бағытта жұмыс істеуім керектігін айтты. Жалпы, бәрі түсінікті және пайдалы. Мұндай акцияны көп адамдар білікті мамандардың тегін қызметтерін пайдалана алатындай етіп жиі өткізу керек, - деп есептейді қарағандылық Марат Исин.
«Халық заңгері» ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысының Департаменті, Қарағанды облысының Әділет департаменті, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Қарағанды облысының Адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары.
Акция 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін 165 мыңнан астам қазақстандық тегін заң көмегін алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -