Қарағанды театрлары жаңа шығармашылық маусымның ашылуына шақырады
Қыркүйек айында Қарағанды театрлары жаңа шығармашылық маусымын ашады.
К. С. Станиславский атындағы орыс драма театры 94-ші маусымды А. Островскийдің аттас пьесасы негізінде "Доходное место" драмасымен бастайды.
Көрермендерді 8 қыркүйекте сағат 17:00-де күтеді. Режиссері – Рача Махатаев.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театры 93-ші маусымды 18 қыркүйекте Ғ. Мүсіреповтың "Қыз Жібек" музыкалық драмасымен ашады. Спектакльдің басталуы сағат 18:30-да. Режиссері – Айдын Салбанов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -