Қарағанды теміржол колледжінің студенттері жұмысшы мамандықтары КТК-да жеңіске жетті
Саранда Еңбек күніне орай ұйымдастырылған өңірлік жұмысшы мамандықтары КТК-да Қарағанды теміржол колледжінің командасы жеңімпаз болып танылды.
Оған облыстың техникалық колледждерінен 12 команда қатысты. Іріктеу үшін студенттер өздерінің оқу орындарының жетістіктері мен артықшылықтары туралы бейнероликтер ұсынды.
– Еңбек күніне орай үшінші жыл жұмысшы мамандықтарының беделін және еңбек адамының оң имиджін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткіземіз. Бұрын бұл фестивальдер болатын, биыл форматты өзгерту туралы шешім қабылдап, КВН ұйымдастырдық, – дейді Саран Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сәнді Ақанова. – Қатысушылар өз мамандықтарының қыр-сырын әзіл арқылы жеткізді, осылайша олар жастарды өздерінің колледждеріне келіп, білім алуға тартты. Жалпы, КВН жұмысшы мамандықтарын танымал етуге бағытталған.
Көрермендер алдында өнер көрсеткен командалар өздерінің колледждері мен мамандықтарын жарнамалап қана қоймай, оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Қарағанды теміржол колледжінің студенттері жеңіске жетті.
– Біз жыл сайын қатысамыз. Бұрын да жеңіске жеткен болатынбыз. Биыл жақсы дайындалдық. Біздің командада алты адам бар, біреуі музыкаға жауапты. Барлық қарсыластар лайықты, бірақ бізде жеңіске деген ынта мықты болды, – дейді Қарағанды темір жол колледжінің шебері Әлихан Медеуұлы.
Екінші орынды Саран техникалық колледжінің командасы иеленді.
Теміртау жоғары политехникалық колледжі үздік үштікті тұйықтады.
Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, жаз бойы Сарандағы тазалыққа ат салысып жүрген "Жасыл ел" еңбек жасағының жауынгерлері белсенділігі үшін алғыс хаттар алды.
Сонымен қатар, қатысушы командалар мәдениет үйінің фойесінде арнайы көрме дайындады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -