Қарағанды тумасы Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болады
Жеңіл атлет Ольга Сафонова мен бокстан құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында қазақстандық команданың ту ұстаушылары болады. Олимпиадада Қазақстан атынан барлығы 80 спортшы қатысады.
Ольга Сафронова туралы толығырақ республикалық Sports.kz.интернет-порталында жарияланды. Спортшы 1991 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Анасы Ирина Сафронова да өмірін жеңіл атлетикаға арнаған жан.
Ольга өзінің спорттағы жолын сегіз жасында досымен бірге спорт секциясына алғаш тіркелген кезде бастады. Бастапқыда спортшы өз күшін биіктікке секіруде сынап көрген, содан кейін тосқауылдармен жүгіруге ауысты. Ақырында осы күнге дейін өнер көрсетіп келе жатқан спринт спортына тоқтаған.
Ольга спорттық мектеп-интернатына түсіп, онда жеңіл атлетика бойынша белгілі қарағандылық жаттықтырушы Юрий Маштаковпен дайындалған.
2011 жылы Гусман Қосанов мемориалы өткен Алматыдағы жарыста жеңіске жетуі оның алғашқы ірі жетістігі болды. Ольга сол кезде 20 жаста еді. Ол 100 метр қашықтықтЫ 11,37 секундта жүгіріп өткен. Оныншы жылдардың басында бұл нәтиже Қазақстанда рекордтық көрсеткіш болды. Осы арқылы Ольга қажетті нормативті орындай отырып, 2011 жылғы әлем чемпионатына және 2012 жылғы олимпиадаға жолдама алды.
2012 жылы Лондонда 100 метр қашықтықта ол жартылай финалдық кезеңге жетіп, ширек финалда екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, бұл спринтте ол 11,31 секундтық нәтижеге қол жеткізіп, АҚШ-тың болашақ жұлдызы Кармелита Джетерден кейін екінші орынға тұрақтады.
2017 жылдың соңында Ольга Ахиллес сіңіріне операция жасады. Қалпына келуге шамамен сегіз ай уақыт кетті. Осы кезеңде ол "қайтадан жүгіруді" үйренуіне тура келді. Соған қарамастан 2018 жылдың шілдесінде Қазақстанда 100 метрлік қашықтықта жүгіруден үздік атанып, Азия чемпионатына аттанды.
Өз мансабында Ольга бірнеше дүркін ел чемпионы атанып, 2014 жылы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, 2017 және 2019 жылдары Азия чемпионатында екі рет алтын алды, сондай-ақ үш жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.
Бүгінгі таңда Ольга Сафронова екі ұлттық рекордқа ие-11,09 секундта 100 метр және 4х100 қашықтық 42,92 секундта. Францияға спортшы мамыр айының соңында Өзбекстанда 200 метр қашықтықта сәтті өнер көрсеткенінің арқасында жолдама алды.
Парижде Ольга жазғы Олимпиаданың ашылуы кезінде Қазақстан тарихы бойынша ұлттық туды көтерген екінші әйел болады. Бұған дейін бұл құрметке тек Ольга Рыпакова ие болған.
2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Суреттер AQORDA ТГ-АРНАСЫ
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -