Қарағанды әуежайы мультимодальды аэрохабқа айналады
Жаңа инвестордың келуімен Қарағанды қаласының "Сары-Арқа" әуежайының даму келешегі ұлғая түсті. Қазір әуе айлағы Эквадордан, Бельгиядан және Нидерландыдан жүк рейстерін үнемі қабылдайды. Күн сайын мұнда гүлдер тиелген ұшақтар ұшып келеді, содан кейін олар бүкіл Қазақстан мен ТМД елдеріне жіберіледі. Қарағандыдан Гонконгқа борттар мал шаруашылығы өнімдерін жеткізеді. Алдағы жоспарда – мультимодальды аэрохаб құру.
Gargohub Karaganda стратегиялық жобасы туралы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов айтып берді.
- Бүгінгі таңда мультимодальды аэрохаб құру моделі әзірленді. Әуежай аумағында "Сарыарқа" АЭА субзонасын ашу қажет. Мемлекеттің міндеті – қосымша инфрақұрылымды жеткізу. Инвестордың жоспарында – ұшу-қону жолағы мен терминалды жөндеуге, жүк хабын ұлғайтуға шамамен 270 млн АҚШ долларын инвестициялау қарастырылған, - деді ол. - Сарапшылардың бағалауы бойынша, жобаны іске асыру 2000 тұрақты жұмыс орнын құруға, жыл сайынғы салық түсімдерін 135 млн АҚШ долларына ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ауқымды жоспарларды жүзеге асыру уақытты қажет етеді: бағдарлама 2030 жылға дейін есептелген. Бүгінде Қарағанды әуежайы арқылы 15 мың тоннаға жуық жүк өтеді. Есептеулер бойынша, аэрохабтың тиімді дамуы кезінде көлемді 200 мың тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Бұл үшін бірқатар факторлар бар, соның ішінде E-commerce дамуы.
Сонымен қатар, "Сары-Арқа" әуежайының аумағында үш жеке қазақстандық жүк авиакомпаниясы орналасқан. Олар он жүк ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бір борт сатып алынды, ол қазір кедендік тазартудан өтуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -