Қарттар күніне орай елордалық зейнеткерлерге арналған экскурсия ұйымдастырылды
Халықаралық қарттар күнінде елорданың Алматы ауданы әкімдігі зейнеткерлер үшін қаланың көрікті жерлеріне автобус экскурсиясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Алматы ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келушілер үшін Red Bus екі қабатты автобуспен сапар ұйымдастырылды. Олар елорданың көрнекті жерлерін аралады, соның ішінде Тәуелсіздік алаңындағы «Қазақ елі» монументі, елорда мен елдің символы «Бәйтерек», «Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасы, бас республикалық мешіт, «EXPO» халықаралық көрме орталығында болды.
Экскурсия жылы және достық атмосферада өтті. Қатысушылар көрікті жерлерді белсенді талқылап, әсерлерімен бөлісті, естелік фотосуретке түсті. Іс-шараны ұйымдастырушылар қарттарға осындай экскурсияларды дәстүрлі түрде жүргізуді жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -