Қарулы күштер «Жауынгерлік дайындық маманы күнін» атап өтті
«Жауынгерлік дайындық маманы күніне» орайластырылған салтанатты іс-шараға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қатысты.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жауынгерлік дайындық әскери қызметшілерді оқытудың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Жауынгерлік даярлық мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі Қазақстан әскерінің қорғаныс қабілетінің негізін құрайды.
– Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында біздің бөлімшелер әрқашан жауынгерлік дайындықта болады, – деді генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов. – Офицерлер мен сарбаздардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге көмектесіп келесіздер.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен 6 әскери қызметші «Ел қорғаны» медалімен, 5 әскери қызметші «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бағалы сыйлықпен (қол сағаттарымен) 30 әскери қызметші, грамоталармен 27 әскери қызметші марапатталып, 15 әскери қызметшіге алғыс жарияланды.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен 29 әскери қызметші грамоталармен марапатталды, 15 әскери қызметшіге алғыс жарияланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -