АРЫСТА СЕКТОР ЖАУАПТЫЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРҒА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУДЕ
Арыс қаласында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүргізіліп жатыр. Шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасымен қала аумағы 17 секторға бөлінгені белгілі. Әр секторға қала әкімдігінің дербес бөлімдері мен мемлекеттік мекемелер бекітілген.
Апта сайын әр сектор өзіне тиісілі аумақтағы қоғамдық орындарға абаттандыру шараларын жүргізеді және көшедегі кем-кетіктер болса тиісті мекемеге ескертіп, қалпына келтіру шараларын орындайды.
Бұл аптада да әр сектор бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілді. Жауапты мамандар тұрғындарды үй аулалары мен көше бойын тазалау жұмыстарына атсалысуға шақырып, үйме үй аралап түсіндірді. Тұрғындармен бірге өздері де көшедегі арамшөптерді тазалап, қаланың көркеюіне үлестерін қосты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -