«Қарызсыз қоғам»: Қызылордада 3 мыңға жуық азамат қаржылық курстан өтті
«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалымен жиын өткізіп, алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді пысықтады.Жиында партия филиалының, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мен партиялық бақылау комиссиясының тоқсандық атқарған жұмысының есебі берілді.Жалпы облыстық филиалмен алғашқы тоқсанда ауқымды жұмыстар атқарылды. Есепті кезеңде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1400 - ден астам өтініш түсіп, олардың 70,4 пайызы оң шешілсе, 416 мәселе бойынша заңнамалық кеңес берілді. Партиялық жобалар бойынша 224 іс-шара ұйымдастырылды. «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында 3 мыңға жуық азамат қаржылық сауаттылық арттыру курсынан өтті. Сайлауалда үгіт жұмыстары кезінде жергілікті халықтан 1132 ұсыныс түсіп, олардың 87 пайызы орындалды. Партия филиалы жанындағы кеңестермен 314 ұсыныстар көтеріліп, фракция мүшелерімен тиісті органдарға 312 депутаттық сауал жолданды.«Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан 50 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылып, бүгінгі күнге олардың 44-і пайдалануға берілді», - деді атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасаған партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова. Жиын барысында облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Жорабек Нұрымбетов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы хабарлама жасап, атқарылған жұмыстарды баяндады. Партия Хатшысы жалпы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да партия филиалына Сайлауалды бағдарламаның орындалуын қатаң бақылауға алу, сайлаушылардың талап-тілегінің сапалы орындалуын талдап отыру секілді бірқатар міндеттер жүктеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -