Қаржы ұйымдарының кредиттік және инвестициялық портфельдерінің көміртегі ізін бағалау практикумы
2024 жылғы 8 қазанда сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен «Қаржы ұйымдарының кредиттік және инвестициялық портфельдерінің көміртегі ізін бағалау практикумы» тақырыбында аралас форматта тегін тренинг өткізеді.
Тренинг барысында мынадай мәселелер қаралады:
PCAF стандартына сәйкес активтер санаттары бойынша қаржыландырылатын шығарындыларды бағалау әдістемесі; Қаржыландырылатын шығарындыларды бағалаудың халықаралық практикаларын талдау; Қаржыландырылатын шығарындыларды есептеу бойынша практикалық жаттығулар.
Офлайн форматта қатысуға арналған орын: Алматы қ., Достық даңғылы 300/26, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының конференц-залы.
Тренингке тіркелу үшін сілтеме (онлайн/офлайн): https://forms.gle/Z1pcAi5evYY2jjTS8
Байланыс телефоны: +7 (702) 386 74 23, esg@asianecology.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -