Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 мамырдағы жұмыс қорытындылары туралы
2024 жылғы сәуірде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қараумен және олардың борыш жүктемесін төмендету шараларын қабылдаумен байланысты болды.
2024 жылғы сәуірде Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 10 380 өтінішін қарады, бұл 2024 жылғы наурызбен салыстырғанда 32,8%-ға көп.
Өтініштердің ең көп үлесі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының 45,6%-ын құрады. Банк секторының қызметі мәселелері бойынша өтініштер жалпы санның 40,0%-ын, коллекторлық агенттіктердің 5,0%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 2,1%-ын, өзге ұйымдардың 5,1%-ын, қаржы ұйымдарының атауын көрсетпей 2,2%-ын құрады.
Агенттік 2024 жылғы сәуірде 5 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 6 жазбаша ұйғарым, 2 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 25 хаттама бойынша 8,3 млн теңге жалпы сомаға 10 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:
- банктерге – 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 хаттама бойынша 2,2 млн теңге жалпы сомаға 3 әкімшілік жаза;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына – 2 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;
- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – 6 жазбаша ұйғарым, 2 жазбаша ескерту және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 20 хаттама бойынша 5,4 млн теңге жалпы сомаға 4 әкімшілік жаза;
- коллекторлық агенттіктерге – әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2 хаттама бойынша 739 мың теңге жалпы сомаға 3 әкімшілік жаза қолданылды.
Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.
Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банктер 201 млрд теңге сомаға 32,4 мың қарызды қайта қаржыландырды.
Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114 млрд теңге сомаға 15,6 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 10,6 мың ХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға 85 млрд теңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -