Асфальтобетонды сынақтан өткізу кезінде нормаларды бұзғаны үшін Қарағанды зертханасына айыппұл салынып, аккредитация куәлігі тоқтатылды
Қарағанды облысындағы зертхана асфальтобетон қоспасынан жасалған керн материалдарын сынау бойынша хаттамаларды аккредитациялық нормаларды бұза отырып шығарған. Бұл бұзушылық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті қызметкерлері жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.
Сот шешімі бойынша зертханаға 801 164 теңге көлемінде айыппұл салынып, «Құрылыс және жол материалдары» саласында аккредитация куәлігі 6 айға тоқтатылды. Сынақ хаттамаларының күші жойылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -