ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ГЛЯЦИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТУДА
ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісімге қол қою туралы» қаулы қабылдады.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ЮНЕСКО аясындағы өңірлік гляциологиялық орталығының қызметі қайта жаңартылады. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 12 сәуірде Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесінің отырысында: «2020 жылы Алматыда ЮНЕСКО шешімімен құрылған өңірлік гляциологиялық орталық климаттық өзгерістерді зерттеуге үлкен үлесін қосып отыр. Біздің ғалымдар тек мұздықтардың еруін зерттеп қана қоймай, сел тасқындары мен мұздықтар көлдерінің жарылуынан болатын қауіптерді төмендету жолдарын іздеуде. Гляциологиялық орталықтың әлеуетін толыққанды пайдалану қажет. Орталықты ғимаратымен қамтамасыз етілуі Үкімет тарапынан шешіліп жатыр. Енді ерекше назар аударатын мәселе – Қазақстан Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы Гляциологиялық орталықтың қызметі жөніндегі келісімнің мерзімі биыл аяқталатындықтан, оны ұзарту туралы мәселе», - деп тапсырма берді.
ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы 2020 жылы құрылып, әлемдегі ЮНЕСКО аясындағы жалғыз гляциологиялық орталық.
Келісімге сәйкес Орталық гляциология мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және Орталық Азиядағы мұздықтардың, қар мен мәңгілік мұздың жағдайын бақылауға қатысатын түрлі ұйымдар арасында ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Халықаралық гидрологиялық бағдарламаның мақсаттарына сәйкес гляциология мәселелері бойынша аймақтық зерттеу бағдарламаларын енгізу және дамыту міндеттерін шешеді.
Орталық ЮНЕСКО бағдарламаларын жүзеге асыруға көмектеседі, мүше мемлекеттердің әлеуетін, техникалық сараптамасын және тәжірибесін бірлесіп пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ аймақтық желілер құруға қолдау көрсетіп, ресурс орталығы ретінде қызмет атқарады.
Орталықтың міндеті – тау криосферасының динамикасын бақылаудан (оның негізгі компоненттері – қар жамылғысы, мұздықтар, жер асты мұздары) бастап Орталықтың қызметі мен ықтимал қауіптер туралы халықты және шешім қабылдаушыларды ақпараттандыру, сондай-ақ су қауіпсіздігі мәселелерінің гляциологиялық аспектілерін әзірлеу.
Келісімге қол қою Гляциологиялық орталыққа Қазақстан үшін аса маңызды тау мұздықтарының жүйелерінің жедел мониторингін жүргізуді, трансшекаралық бассейндердегі мұздықтардың алаңдары мен көлемдерін бағалауды, олардың өзгеру тенденцияларын анықтауды жалғастыруға мүмкіндік береді, бұл елдің және өңірлік су ресурстарын басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады және елдің су қауіпсіздігімен тікелей байланысты.
Келісімде сондай-ақ Орталықты басқарудың корпоративтік принциптері және Орталықтың қызметін қамтамасыз ету мәселелері көрсетілген, бұл Орталықтың тиімді ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін жүзеге асыруға және ЮНЕСКО, Халықаралық су ұйымы және басқа да ұйымдардың іс-шараларына белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Ерекше атап өту керек, Келісімге Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы» деп жариялаған 2025 жылы қол қойылады, және оған қол қою Қазақстан мен Орталыққа мұздықтарды сақтау жылында маңызды іс-шараларды, 2025-2034 жылдары «Криосфера ғылымдарын қолдауға арналған іс-әрекеттер онжылдығын», сондай-ақ 2026 жылы Қазақстанда БҰҰ қамқорлығымен өңірлік климаттық саммиттін сәтті өткізуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -