Ашық есік күні ұйымдастырылды
Қызылорда облысының Терроризмге қарсы комиссиясының жоспары аясында өңірімізде діни ахуалды сауықтыру мақсатында облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен қалалық халыққа қызмет көрсету орталығында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барасында орталық мамандары Б.Оспанов пен С.Алдашбаев қала тұрғындары мен қонақтары арасында жат ағымдардан сақтану жолдары, әлеуметтік желілердегі ақпараттың қауіптілігі төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, сұхбат барысында орталықтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары мен терроризм идеологиясынан сақтану жолдары көрсетілген арнайы брошюралар таратылды.
Кездесуде жұртшылық көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды. Жалпы ұйымдастырылған шара жергілікті халық арасында оң қабылданып, діни сауаттылықтың артуына қол жеткізілді.
Материал Қызылорда облысы Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
____________________________________________________________
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -