Астана қаласы ТЖ департаментінде екіжақты кездесу өтті
Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің қауіпсіздік жөніндегі консулы Чжи Хэсунмен кездесті.
Сапардың мақсаты – екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.
Кездесу барысында хабарлау жүйелері, төтенше жағдайлар кезінде азаматтарды қабылдау пункттері және құтқарушылар қызметінің жұмыс негіздері мәселелері қаралды. Сонымен қатар консул заманауи технологиялар бойынша салынған №23 жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.
Чжи Хэсун елордада қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін алғысын білдіріп, елшіліктің одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын растады.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -