Астана әкімі АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында АЭС бойынша дауыс бергені туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Таңертең №211 сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім.
Қалада 460 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар дауыс беру үшін өз учаскелерін ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/, Telegram чат-боты: https://t.me/referendum_astana_bot, IKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі, «Smart Astana» мобильді қосымшасының «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу» арқылы біле алады.
Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүргендердің бәріне алғыс білдіремін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -