Астана әкімі Агроқалашық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Агроқалашықта қандай өзгерістер болатыны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Агроқалашық елді мекенінің белсенділерімен кездестім. Елді мекенді ары қарай дамыту мәселелерін талқыладық. Мұнда шамамен 67 мың адам тұрады.
Агроқалашықта 13 білім беру нысаны, 1 денсаулық сақтау нысаны, 1 әлеуметтік-мәдени нысан, 2 спорт нысаны бар. Елорданың бас жоспарында аталмыш елді мекенде 3 мектеп, балабақша, медициналық орталық және т.б. салу көзделген.
Биыл бұл елді мекенде бірқатар жұмыс орындалды: 5 көшеге орташа жөндеу жүргізілді, тағы 8 көшеге тротуар орнатылды, сондай-ақ Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Сол сияқты жаңадан жарықтандыру тіректері, 3 жылы аялдама орнатылды, Юбилейная көшесі, 22 мекенжайындағы екі аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды; бұзылған апатты күйдегі барак типтес үйлердің орнына 100 орындық тұрақ аймағы және т.б. ашылды.
Тұрғындар кездесулерде ЭБ-8 желісі бойынша проблеманы бірнеше рет көтерді. Қазір электрмен жабдықтау желілері «Астана-АЭК» АҚ балансына берілді. Олар апатты жағдайдағы тіректер мен электрмен жабдықтаудың кабельдік желілерін ауыстыру бойынша тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.
Аталған жұмыстың бәрі ары қарай да жалғасады. Кездесуде көтерілген мәселелерді Агроқалашықтың алдағы даму жоспарына енгіземіз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -