Астана жастары самбодан әлем чемпионатында шетелдік жанкүйерлерді тәнті етті
Жақсылық Үшкемпіров атындағы елордалық жекпе-жек сарайында 9 қарашада ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлер жиналды. Қазақстан аумағында екінші рет ұйымдастырылған іс-шараға 80 елден 470-тен аса спортшы бақ сынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Чемпионатта қазақстандық спортшыларды Астана жастарының белсенді қолдауы шетелдік қонақтарды таң қалдырды. Жастар қатысушыларға белсенді түрде қолдау көрсетіп, плакаттар мен жалауларды желбіреткен олардың қатты дауыстары, ыстық ықыластары залды дүбірлетті.
"Бүгін біз осы беделді турнирге қатысатын спортшыларымызды қолдау үшін белсенді жастармен жиналдық. Біз қазақстандық самбошыларға деген мақтанышымызды көрсету үшін Мемлекеттік туымызды алып келдік. Осылайша, қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді Астана мәслихатының депутаты Арсланбек Мұғзым халықаралық турнирлердегі бірліктің маңыздылығын атап өтіп.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -