Астанада бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері көшет отырғызды
Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Елорданы көгалдандыруға бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов,белгілі боксшылар – Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымберген, Нұрбек Оралбай, Қамшыбек Қонқабаев қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кезекті сенбілікке сол сияқты №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Барлығы 30-ға жуық жөке ағашы отырғызылды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бүгін біз Алматы ауданында ағаш отырғызуға қатыстық. Елорданың барлық тұрғынын қаланың дамуы мен тазалығына үлес қосуға, ал оны өз ауданынан бастауға шақырамын», - дейді боксшы, Париж Олимпиадасына жолдама иегері Айбек Оралбай.
«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында атақты боксшылар №3 БЖСМ тәрбиеленушілерімен бірлесіп, 30-ға жуық ағаш отырғызды. Экоакцияның көмегімен біз жастарды, елорда тұрғындары мен қонақтарын спортпен шұғылдануға және қаланың тәртібі мен экологиялық жағдайына мән беруге шақырамыз», - деді Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов.
Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысы жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -