Астанада Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Елорданың Достық үйінде Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға елордалық ҚХА мүшелері, қала әкімдігінің, ақсақал кеңесінің, ғылыми-сараптамалық топтың, Аналар кеңесінің, «Ассамблея жастары» РҚБ, Ардагерлер ұйымдарының өкілдері, Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Р.Қошқарбаев атындағы №44 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, дөңгелек үстелді өткізудің негізгі мақсаты – қазақ сарбазының ерлігі мен қаһармандығын еске алу, батырлардың оқиғалары туралы әңгімелеу және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру. Іс-шараға қатысушылар Астана мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырған тақырыптық көрмеге де қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Есет Байкен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы аясында бүкіл ел бойынша атаулы іс-шаралар өткізілгенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы ел тарихында маңызды рөл атқарған көрнекті тұлғаларды құрметтеу дәстүрі ұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Бұған дейін елордада Рахымжан Қошқарбаевтың құрметіне ең ірі және әдемі көшелердің бірі аталып, айбынды ескерткіш орнатылған болатын. Осы жылдың басында №44 елордалық орта мектепке ресми түрде батырдың есімі берілді. Елорда әкімдігінің қолдауымен «Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстаг үстіндегі ту». Жалпы биыл батырдың жүз жылдық мерейтойына орай қалада 100 - ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған», - деп атап өтті Есет Байкен.
Елордалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов батырдың бастан кешкен оқиғалары болашақ ұрпаққа рух беріп, патриоттық сезімін нығайтады.
Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Владимир Божко дөңгелек үстел барысында Рақымжан Қошқарбаев тек батылдықтың ғана емес, Қазақстан халқының бірлігінің де символы екенін атап өтті. Ол сондай-ақ батырдың өмірбаянының маңызды кезеңдерін еске салды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -