Астанада әлеуметтік қызметкерлері арасында Спартакиада өтіп жатыр
Астанада Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай әлеуметтік қызмет мамандары арасында спартакиада ұйымдастырылды. Мереке Қазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Спартакиаданы елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 11 әлеуметтік қызмет ұйымының 330 қызметкері арасында ұйымдастырды.
Әлеуметтік қызметкерлер спорттық ойындардың 6 түріне қатысады: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, футбол және волейбол.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнінде елордада спартакиаданың үздік қатысушыларын марапаттау салтанаты өтеді, сондай-ақ ерекше көзге түскен командалар да аталып өтеді.
«Мұндай ауқымды іс-шараның басты мақсаты әлеуметтік қызмет ұжымдары арасында корпоративтік рухты нығайту, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін жарқын атап өту және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып саналады», - деді әлеуметтік мекемелер мен арнайы қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы Зарина Тоқтабекова.
Бүгін әлеуметтік қызметкерлері арасында спартакиаданың бірінші кезеңі өтті. Спорттық ойындардың алғашқы түрлері шахмат пен дойбы болды.
«Мен спартакиадаға, шахмат турниріне белсенді қатысамын және бұл іс-шара мен үшін миға қозғау салу. Әрине, зияткерлік турнирлер және әріптестермен қарым-қатынас жан-жақты дамуға ықпал етеді», - деді ойынға қатысушы Владимир Достов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -