Астанада әскери-патриоттық әндердің үздік орындаушылары анықталды
ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас Сарбаз – патриоттар ордасы» жобасының ашылуы және әскери-патриоттық ән байқауының финалы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің елордалық филиалы Астана қаласының жастар саясаты және білім басқармаларының қолдауымен бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай жоба ашуды ұйымдастырды.
«Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасының орынбасары Айдархан Махамбет қалалық әскери-патриоттық ән байқауына қатысуға өтінімдер осы жылдың сәуір айында қабылдана бастағанын айтты.
«19 сәуірде қатысушылардың кастингі басталды. Барлығы 58 бала қатысты, олардың жетеуі финалға шықты. Бүгін финалистер бірінші орын және Гран-при үшін сынға түседі, оның иегері осы жылдың қараша айында республикалық байқауға қатысады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады», - деп бөлісті ұйымдастырушы.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев елордалық мектептер мен колледждерде 80-ге жуық «Жас Сарбаз» сыныбы мен клубтары жұмыс істейтінін айтты.
Айта кетейік, клуб тәрбиеленушілерінің саны 8 мыңнан астам адамды құрайды. Ал жоба жыл сайын іске қосылады әрі оның аясында өткен жылы жалпы саны 20 мыңнан астам адамды қамтитын ҚР Қарулы Күштерінің 31 жылдығына арналған бірқатар іс-шара өтті.
«Биыл біз ҚР Қарулы Күштерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарған Халық қаһарманы атағының иегері, бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығын атап өтеміз. Осыған байланысты біз Қорғаныс министрлігімен және әкімдікпен бірлесіп аталған іс-шараны өткізіп жатырмыз», - деді Самат Ибраев.
№16 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Аят Аманалы байқауға екі апта бойы құрастырған роботын ұсынды.
«Кішкентай кезімнен робототехникаға қызығушылық танытып келемін. Мектебімізде роботтарды құрастыруды үйрететін үйірме ашылғаны қатты қуантты. Байқауға ұсынған робот танкімде 5-15 оқ шығаратын екі зеңбірек бар. Егер қалалық жарыста жеңіске жетсем, онда республикалық байқауда Астананың атынан қатысамын. Мұндай жарыстарға осыған дейін де қатысқанмын. Өткен жылы «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны кезінде «Айбын жұлдызы» байқауында үшінші орынға ие болдым», - деді оқушы.
Жарыс финалының қорытындысы бойынша бас жүлдені №51 мектеп-гимназиясының оқушысы Арай Ерахмет алды.
1 орын: 1. Диас Мэліс – педагогикалық колледж.
2 орын: Қалменбай Темірбек, Наушабек Баязи – №57 орта мектебі;2. Дінислам Көпіров – №52 мектеп-гимназиясы.
3 орын: 1. Наргиз Маликова – Туризм және сервис колледжі;2. «Армандастар» домбырашылар ансамблі – №63 мектеп-гимназиясы;3. Мансұр Мұхамеджанов – №61 мектеп-лицей.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -