Астанада Жаһандық инновациялық индексінің Азия елдері бойынша есебін жариялау рәсімі өтті
Астана, 2024 жылғы 4 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Азия елдері үшін 2024 Жаһандық инновациялық индексінің (ЖИИ) есебін жариялау рәсіміне қатысты. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған іс-шара авторлық құқық жөніндегі халықаралық ведомстволардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың және өзге де ресми өкілдердің қатысуымен өтті.
Іс-шара жұмысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, ДЗМҰ Бас директорының көмекшісі Марко Алеман, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ корпоративтік сектор басшылары, халықаралық сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның ашылуы кезеңінде Ғ.Қойшыбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инновациялар мен цифрлық технологияларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.
«Үкімет бүгін Президент қойған барлық міндеттерге қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізуде. Мұндай алаңдар инновациялық дамудың болашағы туралы пікір алмасуға және өңірлік деңгейде инновацияларды ынталандырудың жаңа тәсілдерін енгізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», –деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.
М.Алеман өз сөзінде ЖИИ инновациялық дамудың нұсқаулығы ғана емес, инновациялық шешімдерді қолдаудың қуатты құралы және қатысушы елдердің экономикалық өсуіне серпін беретін алаң екенін атап өтті. «Қазақстан инновациялар саласында орасан зор әлеует көрсетуде, бұл біздің іс-шарамызды бүгін Астанада өткізудің себебі болып табылады», – дейді ол.
Өз сөзінде А.Қуантыров Қазақстан әлемнің 133 елі арасында 78-ші орынға ие болып, ел рейтингі 3 позицияға жақсартқанын атап өтті.
«Жаһандық геоэкономикалық белгісіздікке және тікелей шетелдік инвестициялар ағындарының тоқырауына қарамастан, институциялық өзгерістер мен ҚР Үкіметінің экономикаға инновацияларды енгізу бойынша мақсатты іс-қимылдары арқасында Қазақстан ел экономикасына капитал ағынын ұлғайту («инвестициялар» +5 позицияға өскен) және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау («бизнесті дамыту деңгейі» +9 позицияға жоғарылаған) бағыттарында оң нәтижелерге қол жеткізді», – деді Министрдің орынбасары.
А.Қуантыров бұл прогресс «инвесторлардың сенімінің белгісі ретінде» қарастырылатынын және «қолайлы бизнес-экожүйені құруға бейілділігін» растап, Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіруіне ықпал ететін айтты.
GII 2024 нәтижелерінің тұсаукесері ғылыми әзірлемелер мен технологияларға инвестиция салу қажеттілігін көрсетті, бұл әсіресе қарқынды дамып келе жатқан әлемдік экономика жағдайында өзекті. Рәсім ДЗМҰ қызметі туралы хабардар ету, тәжірибе алмасу және Азиядағы перспективалы жобаларды талқылау үшін пайдалы алаңға айналды. Патенттік реттеу, стартаптарды қолдау және ғылыми зерттеулер мәселелері басты назарда болды.
Сондай-ақ іс-шара аясында А.Қуантыров пен М.Алеманның ҚР мен ДЗМҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарларын талқылау бойынша екіжақты кездесуі өтті. Министрдің орынбасары ДЗМҰ Бас директоры Д.Тангты 2025 жылдың маусым айында жоспарланған «Astana International Forum» іс-шарасына шақырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -