Астаналық зейнеткерлер арасында үздік шахматшы анықталады: Астана қаласы, 01 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астаналық зейнеткерлер арасында үздік шахматшы анықталады

Қарттар күніне орай Алматы ауданында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мекемесінде шахмат турнирі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 2022 жылы ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» құрметті еңбек демалысына шыққан егде азаматтар бос уақытын тиімді өткізуге тырысады. Алғашқы жылы 6 мың адам ғана тіркелсе, қазіргі таңда орталыққа келушілердің саны 14 мыңға жуықтайды. Бұл жерде зейнеткерлер әлеуметтік-сауықтыру, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, бос уақыт өткізу бағытында әлеуметтік қызмет түрлерін ала алады.

Мерекеге орай, Алматы ауданында шахмат бәсекесінен жеңімпаздарды анықтау мақсатында зейнеткерлер бас қосты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин қарияларды арнайы құттықтады.

«Әкімшілік тарапынан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ашылғаны өте дұрыс болды деп санаймын. Өзім 2022 жылдан бері осы жерге келіп, қатарластарыммен уақыт өткізуге тырысамын. Көптеген үйірмелер бар және осы жерге келгеннің арқасында жаңа қырларымды ашып жатырмын. Шахматпен бала кезден айналысып келемін. Қалалық деңгейдегі жарыстарды жібермеуге тырысамын. Жаттығудың арқасында биыл Senate Open республикалық жарысының жартылай финалына дейін жеттім. Орталықта да мықты шахматшылар бар. Бос уақытымда шахматпен айналысып, жаңа адамдармен танысып жатырмын. Бұдан бөлек, бачата би түрін де меңгерудемін», - деді 73 жастағы Гамиат Насыров.

Шахмат бәсекесінде жүлдегерлер рапид түрі бойынша айналмалы жүйеде белгілі болады. Жалпы қаланың 5 ауданында 180-нен астам зейнеткер шахматты серік еткен.

Зейнеткерлер орталықта тек шахмат қана емес, сондай-ақ, йога, айкөне, компьютерлік сауаттылық, ағылшын тілі және т.б. 22 түрлі үйірмеге қатыса алады.

Астанадағы 5 ауданда орталықтың 5 филиалы бар. Олар Алматы ауданы бойынша Р.Қошқарбаев көшесі, 29/1, Байқоңыр ауданы бойынша Абай даңғылы, 46, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25 және Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44 мекенжайында орналасқан.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар