Астананың жанкүйерлері қазнет пен шетелдік қонақтардың ыстық ықыласына бөленді
Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында самбодан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жанкүйерлер трибунадағы қоқысты жинап, жұрттың ыстық ықыласына бөлінді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың тазалықты ұстануы мен бірлігі де қуантады. Чемпионат аяқталғаннан кейін олар бірден кетпей, айналасындағы қоқысты жинай бастады. Тазалық жұмысына белсенділер, «Астана Жастары» еріктілері, сондай-ақ жанкүйерлер қосылды.
Көрермендер арасында елорда тұрғындарының белсенділігіне және олардың өз қаласына деген қамқорлығына таңданған шетелдік қонақтар да болды. Мұндай акциялар тазалыққа үндейтін, тазалық мәдениетін қалыптастыратын игі дәстүрге айналды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -