Атырау автопаркі жаңа 20 автобуспен толықты
Бүгін Атырау автопаркі төрт бағытқа қатынайтын жаңа автобустармен толықты. Олар 10,20,21 және 22 бағыты бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қатары көбейген қоғамдық көліктерді Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін салтанатты түрде табыстады,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тұрғындар дәл осы нөмірлі автобустарды аялдама ұзақ күтетінін айтып, санын көбейту туралы ұсыныс білдіріп жүрді. Бүгін осы мәселе оң шешімін тауып, “Algabus” ЖШС-нің автопаркі әрқайсысы 22 орындық 20 автобуспен толықты. Азаматтар қала аумағында еркін қатынап, барар жеріне алаңсыз уақытын үйлестіреді деген сенімім мол. Халықтың мұң-мұқтажын шетке ысырмай, қоғамдық көлік бағытын жүйелеп, қызмет көрсету сапасын арттырып жатқан автопарк иелеріне алғыс білдіремін!-деді Ш.Кейкін.
Қарағанды облысының Сарань қаласында жинақталған "Yotong" маркалы автобустар заманауи климаттық басқару жүйесімен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар еркін мініп-түсуі үшін жиналмалы пандусы қойылған. Сырты және ішкі бейнебақылау камералары орнатылған.
Анықтама үшін: қала мен қала маңында жолаушыларды тасымалдайтын барлығы 237 автобус бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -