Атырау облысында 6,4 миллион балық шабағы құтқарылды
Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.17 қаңтардағы жедел мәліметтерге сәйкес, құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллионды құрады.
Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды.
Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқарылған балық түрлері – орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы.
Жағдай ерекше бақылауға алынған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -