БҚДА-ДА АВИАОТЫН ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Омаров М.Т. басшылығымен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында кеңес өтті. Оған мемлекеттік органдар – Энергетика, Көлік министрліктері, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, Астана қаласы әкімдігі, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Астана әуежайы және «Petromining» қауымдастығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ел әуежайларындағы авиаотын құнын төмендету тәсілдері, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің практикасын ескере отырып нарықты дамыту және инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерінің халықаралық тәжірибесі талқыланды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Омаров М.Т. бұл мәселенің маңыздылығын атап өтіп, авиаотын бағасын белгілеу мәселелерін конструктивті түрде талқылау үшін антимонополиялық орган барлық күш-жігерін салатынын жеткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, әуежайларда авиаотын құнын төмендетуге, әрекет ету шараларын әзірлеуге және оны өткізу нарығында бәсекелестікті дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарын дайындау туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, биылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне авиаотынның бағалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдауды тапсырған болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -