Атырауда мамандандандырылған соттың жаңа ғимараты ашылды
Сот төрегілі стандарттарын ескере отырып, заманауи үлгіде салынған жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов, Жоғарғы Соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев және Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жиында аймақ басшысы Серік Шәпкенов жаңа ғимараттың ашылуы өңірдегі сот жүйесінің одан әрі дамуына, онда қабылданған әр шешімнің әділ боларына сенім білдірді.
- Қадірменді судьялар, сот қызметкерлері! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған ең басты тапсырмасы - адамның бостандығы, құндылығы, оны қорғау. Бұл ретте заң үстемдігі мен сапалы сот төрелігін заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі ретінде атап көрсетті. Әрқашан «қара қылды қақ жарғандай» әділетті болуымыз керек деп айтып жүреміз. Ал ол осы сот ғимараты ішіндегі қызметіңізден басталады. Халқымыздың сот жүйесіне деген сенімі мемлекеттің беріктігін білдіреді. Қазақта: «Тура биде туған жоқ», деген аталы сөз бар. Осы шаңырақтан шыққан әр шешім әділетті әрі ашық боларына сенімім мол. Қызметтеріңіз абыройлы болсын!-деді Серік Шәпкенов.
Ауданы 9 мың шаршы метр болатын 4 қабатты жаңа ғимаратта әкімшілік, қылмыстық, тергеу, ювеналды және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сот орналасқан. Нысанда прокурорлар, адвокаттар, қорғаушылар мен медиаторлар, сондай-ақ билер отыратын арнайы бөлмелер қарастырылған. Әр зал заманауи талаптарға сай жабдықталған.
Мұнда 17 сот залы бар. Оның екеуі алқабилердің қатысуымен өтетін процесстерге арналған.
Пайдалануға беріліп отырған жаңа ғимаратта азаматтар мен сотқа келушілер үшін де оңтайлы жағдайлар қарастырылған. Қауіпіздік жүйесімен де толық қамтылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -