Атыраулық журналистер өрт сөндіруші рөлінде болды
Атыраулық журналистерге бір сәтке өрт сөндіруші-құтқарушы болып, бұл мамандықтың қиындықтарын сезініп көру ұсынылды. Бейнеролик пен қалам шеберлері өрт сөндіру кроссфитінен жарысқа түсті.
Имидждік іс-шара өрт сөндіру қызметінің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында өтті.
Жарысқа Атырау облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметі», «Caspian news» телеарнасының, «Прикаспийская коммуна» газетінің қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар жауынгерлік киім кию, жеңқұбырды сегіздік тәсілмен жинау, жеңіл автокөліктің шинасын зілбалға көмегімен бір жерден екінші жерге жанынан соғып жылжыту, жауынгерлік қанат жаю, оқу мұнараның 2-ші қабатына құрылып тұрған үш иінді саты арқылы шығу кезеңдерінен еш мүдірместен өтті.
Сонымен қатар қатысушылар ерікті түрде жылу түтін камерасынан өтіп, нағыз құтқарушы рөлін сомдады. Қатысушылар қараңғыда түтінді үш деңгейлі лабиринттен шығудың жолын іздеді. Камерадан шығып қана қоймай, жақын маңдағы әріптесін құтқару маңызды болды.
Қатысушылар тапсырманы орындауға қолын жеткізді, бірақ нақты жағдайда олар үшін әлдеқайда қиын болатынын атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Caspian news» телеарнасының 1 командасы 1 орынды, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» командасы 2 орынды, «Caspian news» телеарнасының 2 командасы 3 орынды қанжығаларына байлады.
Департамент бастығының орынбасары Н. Селимов жүлдегерлерді дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар жарысқа қатысушылардың бірі «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Георгий Николаевичты туған күнімен құттықтап, естелік сыйлық табыстады.
Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -