Ғауез Нұрмұхамбетов пен Айдарбек Сапаров Мүсірепов ауданында болды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мүсірепов ауданында болып, көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, шаруашылық басшыларымен кездесіп, егіс науқанының өзекті мәселелерін және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.
Мал азығы дақылдарын тамшылатып суаруды белсенді дамытып келе жатқан «Азко Пески» ЖШС қызметімен де танысты. Үлгілі Раисовка ауылына да соқты, елді мекеннің гүлденуіне серіктестік басшы Владимир Коваленконың еңбегі зор. Ауылдағы әлеуметтік нысандар мен сауықтыру кешенін аралады.
Сонымен қатар, СҚО әкімі мен Ауыл шаруашылығы министрі Пески ауылында мектеп түлектерімен бірге Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында ағаш отырғызу акциясына қатысты. Өңір басшысы түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, емтихандарды сәтті тапсырып, ересек өмірде жаңа жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -