«Ауыл аманаты»: 4000 мыңнан аса жамбылдықтың жобасы қаржыландырылды
Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында 500 шағын кәсіпорын ашылады деп күтілуде. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл азаматтарын нәтижелі жұмыспен қамту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасымен 51 ауылдық округ қамтылды. 25,5 млрд.теңгеге 4 076 жоба қаржыландырылды. 152,2 мың бас мал мен 65 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
Биыл мамыр айында жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы жабдықтарын сатып алуға 600 млн.теңге бөлініп, 89 бірлік техника алынды.
«Ауыл аманаты» жобасы барлық саланың дамуына серпін береді. Ағымдағы жылы 10,5 млрд.теңгеге 1200 жоба қаржыландырылады. 2025 жылы 10 мыңнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ауылдық елді мекендерде 500-ден астам шағын кәсіпорын ашылады деп болжануда.
Өңірде 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4 пайызға ұлғайды, ірі қара мал санын 7,9 пайызға, қой – 21,9 пайызға, жылқы – 5,8 пайызға, ет өнімдерін өндіру (тірі салмақта) – 2,2 пайызға, сүт – 1,1 пайызға өсуі қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 21,4 млрд.теңге субсидия бөлінді.
Жыл басынан бері агроөнеркәсіптік кешен саласында жоспарланған 20 инвестициялық жобаның 9-ы (9,7 млрд.теңге) іске қосылды.
Бұдан бөлек, Ербол Қарашөкеев суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді. Бекітілген Жол картасы аясында 2028 жылға дейін 124 мың гектар егіс алқабын қалпына келтіру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 47,5 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді.
87 каналды қайта жаңғырту және күрделі жөндеу, жергілікті бюджет есебінен 9, республикалық бюджеттен 3 су қоймасын салу қолға алынады.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2028 жылға қарай суармалы алқаптар толық сумен қамтамасыз етіліп, каналдарда тасымалдау кезінде су ысыраптарын азайту және ауыл шаруашылығы өнімінің 2 есеге артуы күтілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -