Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді
2024 жылғы 14 қыркүйекте орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ақтөбе облысының тұрғындары және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде - егін жинау жұмыстарын жүргізу және аймақтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралары.
Кездесу сағат 10:00-де Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр 22К көшесі, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында өтеді.
БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел. бойынша: +7 775 837 8519 – Асия Нурпейсова
Сондай-ақ, өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды temir.b.zh@minagri.gov.kz поштасына жіберуді сұраймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -