Ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріндегі бағалар нарықтық бағадан төмен болуы керек
Қазақстанда жәрмеңкелер мен республикалық көрмелерді өткізудің стандарттарын Сауда және интеграция министрлігі әзірлеп, бекітті. Бұл туралы 14 қыркүйекте Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова хабарлады.
Жәрмеңкелер мен көрмелерді өткізу стандарттары мен күнтізбелік кестелері осы жылдың шілде айында Сауда және интеграция министрлігімен бекітілген ішкі сауда ережелерінің бір бөлігі болыптабылады. Бес түрі анықталды: маусымдық жәрмеңкелер (мектепқұралдары, көмір, шөп және т.б.), тақырыптық (отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін), ауыл шаруашылық (тұрғындарға қолжетімді бағамен ауыл шаруашылық тауарлары), мерекелік(мемлекеттік мерекелерді тойлауға арналған), аймақтық мамандандырылған көрмелер (көрмеге бірнеше аймақтың қатысуы).
«Әрбір жәрмеңке түріне арналған күнтізбелік кесте және өткізумерзімі белгіленген. Мысалы, ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріаудандарда кемінде екі аптада бір рет, республикалық жәнеоблыстық маңызы бар қалаларда аптасына кемінде бір рет өткізілуікерек. Сауда орындары тегін беріледі. Шараға қатысқысыкелетіндердің барлығы онлайн өтінім бере алатындай ұйымдастырупроцесін цифрландыру керек. Ауыл шаруашылық, мерекелік жәнемаусымдық жәрмеңкелердегі бағалар нарықтық бағадан төменболады», - деп хабарлады Айжан Бижанова.
Премьер-Министрдің орынбасары елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізудің әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, Астана қаласының әкімдігіне дәстүрлі күзгі аймақтық жәрмеңкелерді елордада мүмкіндігінше тез ұйымдастыруды тапсырды.
Елдегі азық-түлік қоры 725,8 мың тоннаны құрайды – бұл туралыкеңесте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановқа барлады. Ішкі нарықтың қамтылуын бақылау 29 түрлі азық-түлік өнімі бойынша жүргізілуде (қой еті, сиыр еті, көкөністер, қышқыл сүт өнімдері, жармалар, күнбағыс майы және т.б.), олар ӘКК қоймаларында, сауда желілерінде, ауыл шаруашылықөндірушілерінде, ірі көтерме жеткізушілерде сақталады.
«Егін жинау жұмыстарының жалғасуын ескере отырып, негізгі азық-түлік өнімдерімен халықты қамтамасыз етуге жеткілікті қор бар», - депатап өтті Азат Сұлтанов.
Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне бағаның орташа индексі тұрақты болып қалды, 0% өсу. Жыл басынан бастап 10 қыркүйекке дейін дефляция сақталуда: -0,2%.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -