Қазақстан 2024 жылдың I тоқсанында Қытай атом электр станциялары үшін 76 жылу бөлетін отын жинағын жеткізді
Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамына кіретін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ энергетикалық реакторлар үшін уран оксиді ұнтақтары мен отын таблеткаларын өндіру бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ құрамында уран бар күрделі алынатын материалдарды қайта өңдейді.
2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша уран өндірісі 79 тоннаны (2023 жылдың 1 тоқсанында– 45,1 тонна), оның ішінде таблетка түрінде – 76 тоннаны (2023 жылдың 1 тоқсанында – 31,2 тонна), уран диоксиді ұнтағы түрінде – 3 тоннаны (2023 жылдың 1 тоқсанында – 13,9 тонна) құрады.
2021 жылдан бастап «Үлбі-ТВС» ЖШС зауыты қытайлық АЭС үшін жылу бөлетін отын жинақтарын (ОЖ) өндіру бойынша өндірістік қызметін бастады. 2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚХР-дағы АЭС-ке 76 ОЖ жөнелтілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -