Қазақстан Австралиямен бірге ICONS-2024 халықаралық конференциясында АЭХА-да тең төрағалық етеді
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов делегация басшысы ретінде Вена қаласында (Австрия) өтіп жатқан: Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) болашағын қалыптастыру (ICONS-2024) атты ядролық физикалық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясына қатысты.
ICONS-2024 халықаралық конференциясы ақпарат алмасу, озық тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін мүмкіндіктер бере отырып, бүкіл әлемдегі ядролық қауіпсіздіктің болашағын талқылау үшін маңызды алаң болып табылады.
Іс-шара барысында Сұңғат Есімханов Республиканың ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері туралы баяндама жасады.
Қазақстан Семей ядролық полигонын жабу және әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту арқылы ядролық қарусызданудың жаһандық процесіне нақты іс-қимыл жасаған мемлекет болып табылады.
«Ядролық физикалық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі қағидатты қадамдардың бірі міндеттемелерді, оның ішінде конвенцияны және оған түзетулерді орындау болып табылады, ал өз кезегінде Қазақстан өзіне алған міндеттемелерді толық көлемде орындайды», - деп атап өтті С.Есімханов.
Вице-министр Қазақстанның осы форумға қатысуының бірегейлігі АЭХА тарапынан бізге жоғары сенім білдірілгендігінде, биыл біздің еліміз Австралиямен бірлесіп осы іс-шараның тең төрағасы болып табылатындығында екенін атап өтті.
Сонымен қатар, вице-министр Австралияның Сыртқы істер министрінің орынбасары, ICONS-2024 тең төрағасы Тимм Уоттспен, Жапонияның мемлекеттік Сыртқы істер министрі Тсуджи Хиотомен екіжақты кездесулер өткізді, сондай-ақ АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Девид Туркпен кездесу өткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -